Bugin

Жағармай құю станциясында жарылыстан 12 адам қаза болып, 70-ке жуығы жарақаттанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дагенстан астанасы Махачкала қаласында жанар-жағар май құю станциясында жарылыс болып, үлкен өрт шықты.

 Мәліметтерге сәйкес, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыды.

Дагестан басшысы Сергей Меликов тілшілерге мәлім еткендей, жарылыс жағар май құю станциясына қарсы бетте болған. Себебі мен салдары анықталып жатыр.

Отын құйылған сегіз цистернаның екеуі жарылған.

Ресми дерек бойынша, оқиға салдарынан 12 адам қаза болды, оның ішінде 2 бала бар. Тағы 66 адам зардап шекті, оның 13-і – балалар, 10 адамның жағдайы ауыр.

Махачкаланың медицина мекемелері күшейтілген режимге ауыстырылды. Денсаулық сақтау министрлігі Махачкала ауруханаларында төсек орын жеткілікті екенін айтты.

Дагенстанның көптеген тұрғыны зардап шеккендер үшін қан тапсыруға республикалық қан құю станциясына барды.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.