Bugin
Қазақстандықтардың көбі жалақының аздығынан тойып тамақ ішпейді.
Ұлттық статистика бюросы өмір сүру сапасына байланысты тұрғындар арасында сауалнама жүргізген. Мамандар респонденттерден олардың табысы мен шығыны, қазіргі қаржылық жағдайы туралы сұраған.
Сауалнама нәтижесінде халықтың 6,6%-ның ең болмағанда 2 күнде 1 рет ет жеуге мүмкіндігі жоқ екен. Сәйкесінше балық, ет, тауық еті немесе жаңғақ, бұршақ пен ақуызға толы пайдалы тағамдарды тұтынбайды.
Сондай-ақ, тұрғындардың 95,7%-ы пайдалы ас ішпейтінін айтқан. Ал азаматтарымыздың 22,5%-ы күтпеген немесе жоспардан тыс шығындарды өтей алмайды. Сондықтан қаржылық көмек ретінде несие алуға мәжбүр. Ал тұрғындардың 27,6%-ы ең болмағанда бір аптаға да жыл сайынғы еңбек демалысына шыға алмайды екен.