Bugin

Ресей тарапы Кенесары ханның басы жоқ екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі соңғы қазақ ханы - Кенесарының басын қайтару мәселесімен тарихшылар айналысуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Ресей тарапы Кенесары ханның басы жоқ екенін айтқан.

"Менің ойымша, дұрыс жауабын тарихшылар беруі тиіс. Жалпы, мұндай мәселелермен саланы жақсы білетін мамандар айналысуы қажет. Бірақ дипломатиялық арналар арқылы бізге бейінді ведомстволарымыздан сұрақтар келіп түседі. Біз мұны тиісінше Ресей тарапына бағыттаймыз", – деп жауап берді Смадияров Ulysmedia сұрағына.

Смадияров Кенесары ханның басы бар-жоғын анықтау мәселесін қазақстандық тарихшылар ресейлік әріптестерімен анықтауы керек деп қосты.

Қазақтың соңғы ханының басын тарихи отанына қайтару мәселесі жоғары деңгейде қарастырылып жатыр ма деген сұраққа сыртқы саясат ведомствосының өкілі: "Білесіз бе, бізде басқа да сұрақтар жеткілікті. Жұмыс істеу керек", -  деп жауап берді.