Bugin

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты.

15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

"Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ, 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61