Bugin

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген қазақстандық алданып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды.

11 тамызда Тараздың полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараздың 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.