Bugin
"НеМолчи.kz" қоғамдық қорына үш жасар қыздың анасы жүгініп, көмек сұраған.
Оның сөзінше, қызы Алматыдағы жекеменшік балабақшада зардап шеккен. Балабақшада қызының жыныс мүшесіне зақым келген, алайда балабақшадағылар жауапкершіліктен қашып отыр екен.
Әйел адамның сөзінше, балабақшадағылар хабарласып, "үш жасар қызыңызда етеккір басталды" деп хабарласқан. Зардап шеккен қыздың анасы көмек сұрап, видео түсірген.
"Қиын жағдайға тап болдым. Қысқаша айтар болсам, 3 маусымда үш жасар қызымның жыныс мүшесіне 0,3×0,4 см зақым келген. Ол кезде камералар жұмыс істемей қалған. Әлі күнге дейін тергеу жүріп жатыр. Балабақша директоры кінәсін мойындамай отыр. Керісінше баланы мұндай жағдайға жеткізген мен екенін айтып отыр", - дейді қыздың анасы.