Bugin

9 ай бұрын қаза тапқан кеншілер туралы жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 ай бұрын Қарағанды облысындағы Ленин шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан 5 кеншінің отбасы тергеуді тездетуді сұрайды.

Өйткені іс бұрмаланып барады. Алғашында төтенше жағдайға үкіметтік комиссия айыпты деп тапқан 20-дан астам тұлғаның саны 6 есеге қысқарып қалған. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Айжан Қуаш анықтап көрді.

Ленин шахтасындағы оқиға өткен жылдың үшінші қарашасында болды. 800 метр тереңдікте метан газы жарылып, арты өртке ұласты. Салдарынан 5 кенші қаза тапты. Солардың бірі - Арман Кашкей небәрі 29 жаста еді. Жары Яна кішкентай бүлдіршінімен жесір қалды. Әйел шахтада қауіпсіздік сақталса күйеуім аман қалар еді дейді. Өйткені апаттан бірнеше күн бұрын Ленин шахтасында қауіпті газдың деңгейі кенет арта бастаған. Алайда басшылар ұңғыманы бұрғылауды тоқтатпаған.

Марқұмдардың туыстары облыстық прокуратураға да шағымданған. Алайда облыс прокуроры жапа шеккендермен кездеспепті. Кеншілердің туыстары "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы мен түрлі құзыретті органдардың өкілдері арыздан бас тартуды сұрағанын айтады.

"Менің ұлым тірідей өртеніп, денесі жарылыстан жан- жаққа шашырап кеткен. Мен баламның бет жүзін де тани алмадым. Мен қалай тыныш ұйықтаймын? Ал "олар сіз неге жетпексіз, бұл табиғи құбылыс",- дейді. Пәтер береміз арызыңызды қайтарып алыңыз деп те айтты. Сондықтан кінәлі бір адам емес, басынан аяғына дейін кінәлілер жазалануы тиіс"- дейді марқұмның анасы Галина Инкин.

Осылай деген марқұмдардың туыстары "Әділдік жолы" қоғамдық ұйымынан көмек сұрады. Бұл іспен енді заңгерлер айналыспақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61