Bugin

Екі адам банкоматтан ақша ұрлағаны видеоға түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысынды медициналық бетперде киген екі азамат банкоматтан 13 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған.

Жас жігіттер қылмыс жасап жатқан жерінен бейнекамераға түсіп қалды. Кадрда азаматтар апаратты еш кедергісіз кілтпен ашып, бірнеше қап ақшаны мекемеден емін-еркін алып шығып кеткені байқалады. Оқиға Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында болды. Күдіктілер ұсталды. Олар Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Облыстық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

"Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді"- облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.