Bugin

Ақтөбеде төрт мұғалімнің өліміне себеп болған жол апатына кім кінәлі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде төрт бірдей мұғалім қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы басталды.

Қайғылы оқиғаға оралдық такси жүргізушісі айыпталып отыр. Бұл оқиға биыл 1 маусым күні болды. Оралдан Ақтөбе қаласына диплом алуға келе жатқан алты бірдей ұстаз мінген "Ларгус" - жүк көлігіне келіп соққан.

Жол апаты Самара-Шымкент тас жолында Қобда ауданы Өтек ауылы маңында орын алды. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Бір адам ауруханада жан тапсырды. Қалған екі адам ауыр жарақат алған болатын.

Сот отырысына жәбірленушінің жақындары қатысты. Сотта жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындап, болған жағдайға қатты өкінетінін айтты.

"Жалпы ұйқым қанық. Ішпегенмін. Оңдай жағдай болған жоқ. Бәрі жақсы болды. Жалпы соңғы рет Жымпиты ауданынан жанармай құйып шыққаным есімде бар. Содан кейін болған жағдай есімде жоқ. Болған жағдайға қатты өкінемін. Жәбірленушіден кешірім сұраймын", - сотталушы Асылжан Қоштан.

Жүргізушінің кінәсі толық дәлелденсе, 5 жылдан 10 жыға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.