Bugin

"Жыныстық қатынасқа түсуді талап етті": Қызылордада танысын бопсалаған күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада танысын қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен күдікті қамауға алынды.

Полицияға 22 жастағы бойжеткен танысының өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуді талап ететінін айтып, арызданды.

Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кезекші тәулікте 28 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.