Bugin
Астаналық бойжеткен желідегі таныстықтан кейін спайкингтің құрбаны болғанын мәлімдеді.
Полицияға арыз жазған ару сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтыпты.
“Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған”, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
“Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз”, – деп ескертті полиция өкілдері.