Weekend
1 сәуір – алдау күні
Күлкі күніне қатысты бүгінде сан түрлі пікірлер бар. Бірі оны орта ғасырлардан бері атап өтеді десе, ғалымдардың екінші бөлігі сонау ежелгі заманнан бері қолданып келеді деп санайды.
– Алғашқы нұсқалар Ежелгі Римді нұсқайды. Дегенмен олар "ақымақтар күні" деп атап, ақпан айында өткен. Ал кельттер "алдау күнін" 1 сәуірге нақтылап, күлкі құдайы Лудуға арнаған.
– Екінші нұсқа орта ғасырға тиесілі. 1583 жылы Григорий ХІІІ жаңа жылды 1-сәуірден 1 қаңтарға ауыстыру жөнінде шешім шығарады. Алайда ақпарат халыққа асықпай жеткендіктен, бірі жаңа жылды қыста, екіншісі көктемді жыл басы деп санаған. Көпшілік бұл ақпаратқа сенбей, ресми хабарды білетіндерді ақымақтар деп есептеген. Осылайша "алдау күні" 1 сәуірде дүниеге келді.
– Ресейде 1 сәуір күні тікелей Петр І-ге тікелей қатысты. 1703 жылы кенеттен патша халықтың бәрін орталық алаңға жинап жатыр деген ақпарат қаулап кетеді. Халық үдере көшіп барса, "1 сәуірде ешкімге сенбе" деген жазу ілініп тұрған. Осылайша орыстардың арасында "алдау күні" қолданысқа енгізілді.