Bugin

"Ұлым тірідей өртке оранды": Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің отбасы әділдік іздейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің отбасы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтадағы апатты тездетіп тергеуді талап етуде. Кеншінің жақындарының айтуынша, тоғыз ай өтсе де, кінәлілер әлі жауапқа тартылмаған. 

 

Кеншілердің жақындары оқиғаның қалай тергеліп жатқанынан да бейхабар екендерін айтады. Ленин атындағы шахтадағы қайғылы оқиға бес бұрғылаушының өмірін қиған болатын. Олар 800 метр тереңдікте метан газы бөлінетін лавада жұмыс істеп жатқанда қаза тапты. Кейін сол жерде өрт шыққан. Күйеуі Арманнан айырылған Яна Кашкей 4 жасар ұлының әкесіз қалғанын айтады.

"Мақсатымыз – барлық жауапты тұлғалардың жазалануы. Неліктен 9 ай өтсе де бірде-бір сот болған жоқ деген сұрақ туындайды. Жауапты адамдардың тізімі бар, оны үкіметтік комиссия өз тексерісінен кейін шығарған. Оның құрамында 32 адам бар. Бірақ соңында ешкім тергелген жоқ. Біз 4 адамды жазалау керектігін білеміз. Бірақ қалғандарының қайда кеткенін білмейміз. Әлі бірде-бір адам жауапқа тартылмады”, – деді Яна.

Қаза болған кеншілердің туыстарының айтуынша, неге екені белгісіз, күдіктілердің тізімі бес есеге қысқарған.  Ұлынан айырылған Галина Инкина прокуратураның тергеу ақпараттарымен толықтай бөліспейтінін айтады. Оның ұлы Денис Инкин 12 жыл бойы залалсыздандыруда жұмыс істеп, қайғылы оқиғаға дейін анасымен өз қорқынышын бөліскен, тіпті Ленин шахтасында 3 қарашаға дейін метан газының бөлінуі туралы алаңдатарлық сигналдар болған екен.

"26-сы күні Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай болды. Мұнда жұмысты жоғарылату қауіпті болды. Олар жігіттерді шығарып, тоннельшілердің жұмысын тоқтатуы керек еді, бірақ олай жасалмады. Міне, осылай баламнан айырылдым. Ол алдымен тірі күйінде өртке оранған. Содан кейін ұшқыннан газ шығып, жарылыс болған. Баламды соңғы сапарда көрмедім. Жабық табытта көмдім. Осыдан кейін мен қалай үнсіз қаламын? Тергеу мәліметтері бойынша мен прокуратураны аралай бастадым”, – деді қаза тапқан кеншінің анасы.

"Тәжірибем бойынша, тергеу ұзақ уақыт бойы жүргізілсе, демек кейін бәрі тым-тырыс болып қалмақ. Бірақ біз бұл істің қисынды аяқталуын жұртшылықпен бірге бақылаймыз”, – деді РОО Қарағанды филиалының жетекшісі Рустам Тәнішпеков.

Қазір бұл іске қатысты тергеуді бірнеше қоғамдық ұйым өз бақылауына алды. Қадағалау органы кейінірек жауап беруге уәде берді.