Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырауда бір апта бұрын жоғалған 33 жастағы жігіт шаруа қожалығынан табылды.
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Із-түзсіз жоғалып кеткен 33 жастағы жігітті іздестіру іс-шарасы үздіксіз жүргізілді. Оны іздестіру Атырау қаласында да, Қызылқоға ауданында да қолға алынды. Іздестіру іс-шарасына Атырау қалалық полиция басқармасы мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылды. Соның нәтижесінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен жігітті Темірбай учаскесіндегі шаруа қожалығынан тапты", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылынан 70 шақырым қашықтықтағы аталған учаскеде қысқы мал азығына қажетті пішен дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері жігіттің аман-есен табылғаны туралы туыстарына хабарлаған.
Туыстары іздеу салған жігіттен зорлық-зомбылық белгісі ұшырамағаны, шаруа қожалығына пішен дайындауға өз еркімен келгені анықталған. Ол туыстарымен байланыспауына мобильді телефонында ақауы болғанымен түсіндірген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61