Bugin

Алматыда сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабар түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Сәтбаев көшесінің бойындағы сауда, ойын-сауық орталықтарының бірінде бобма қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Бомба қойылғаны туралы хабарламаға байланысты орталықтың қызметкерлері мен қонақтары эвакуацияланды.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған сауда үйіне қаланың шұғыл және жедел қызметтері жеткенін хабарлады. Қазіргі уақытта сауда үйінің персоналы мен келушілері сыртқа эвакуацияланды.

"Қазіргі уақытта сапер бөлімшелері сауда үйінің ғимаратын тексеріп жатыр. Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын жасалып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.