Bugin

"Q-net" қаржы пирамидасы туралы тағы бір жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Q-net" қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалын басқарған 5 адамның ісі сотқа жолданды.

Айыпталушылар 2018-2022 жылдары қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған. Сол уақытта 45 салымшы тартып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.

"Сот қаулысымен құны 27,7 млн теңге болатын мүлік бұғатталды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеу мен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеміз"- деді ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.