Саясат

Ұзақ өмір сүрудің құпиясын қазақстандықтар қашан түсінеді?

«Жасартатын әжемді, Дәрі ойлап табамын» деп бала күнімізде армандаушы едік. Ата- анасы мен әжесінің жанында ұзақ өмір сүргенін кім қаламайды дейсіз? Біз «ойлап табамын» деп жүргенде шведциялық кардиохирург алдымызды орап, ол ғажайыпты Қазақстанға 2009 жылы алып келген. Ал бұл дәрумендер құпиясын қазақтар қашан түсінбек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Швециялық кардиохирург, медицина ғылымының докторы, проффессор Стиг Стен 15 жыл бойы адамзаттың иммунитетін көтеріп, жақсы, қалыпты жағдайда, жасушаларының ұзақ өмір сүруі туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алғаш рет жүрек пен өкпеге бір уақытта трансплатация жасаған дәрігер емделушілерінің денсаулығы жақсара қоймағаннан кейін, осы Велнес коктейлін ойлап табады. Бұл Стиг Стеннің келесі бір ғылыми жаңалығы болып табылады. Бұған дейін тоқтап қалған жүректі қайта соқтыратын Lucas аппараты мен ауру жүрек пен өкпені бөлек алып, емдеп, қайта пайдалану туралы жаңалықтар ашқан. Осы себепті бұл өнімді ешкім патенттеп ала алмайды. Коктейл мен витаминдерді науқастарға пайдаланғаннан кейін олардың жүрегі «машинаның стартері» секілді оталып, жұмысы жақсарған.

Адам денсаулығы 20% экологияға, 10% геніне, 10% медицинаға тәуелді болса, қалған 60%-ы дұрыс тамақтануы мен дене қозғалысына байланысты екен. Адам толықтай өсімдіктер мен жануарлар секілді жасушадан тұрғандықтан жасушаны да тамақтандыру керек. Студенттердің көшеден жейтін донер-бургері, қарапайым қазақтың дастарханынан түспейтін еті – ол асқазанның тамағы. Ал жасушаның тамағы – дәрумендер. Бір күнде жасушаға 15 минерал, 12 дәрумен, 3 түрлі полиқанықпаған май қышқылдары, 20 аминқышқылы қажет. Егер бұл дәрумендер жетіспесе 40 жастан соң салмақ қосу деген секілді аурулар пайда бола бастайды.

Қазір адам жасына қарамайтын қатерлі аурулар қарасы көбейді. Үлкендер «аурулар жасарып барады» деп жатады. Медицинаның зерттеуі бойынша адам денсаулығы 7 кезеңнен өткеннен кейін қатерлі аурулардың алдында басын иеді. Бірінші кезең – адамдардың тез шаршауы мен әлзіздігі. Қазір 7 жасар балаға дейін үп еткенге ауыра қалады. Екінші – бас ауруы. Бұл кезең ана денсаулығының дұрыс болмауынан дүниеге келген балалардан- ақ көрініс табуда. Үшіншісі – аллергия. Көктем, күз айларында бір ғана Алматы қаласының өзінде түшкірмеген жан қалмайды. Денеде бездердің пайда болуы- төртінші кезеңді құраса, адам организмдерінде тас пайда бола бастауы бесінші кезеңді құрайды. Салмақ қосу мен семіздік алтыншы кезең, ал соңғысы инсульт пен инфаркқа әкеп соғады. Осы жағдайлар клеткаға дұрыс күтім жасамағаннан орын алады.

Ғалымдардың зерттеуінше сіз жасушаңызға бір күндік тамақты беру үшін 2 кг қызылша, 1 жұмыртқа, 900 г авокадо, 25г шемішке, 300 г жасыл бұршақ, 2 банан, 440г қызыл қырыққабат, 1 апельсин, 625 г сүт, 100г шпинат пен 200г саңырауқұлақ қажет. Қазір «16000 көпбалалы отбасыға жетпейді» деп шырыл қағып жүргенде, өз денсаулығыңыз үшін 6000 тг көлеміндегі осы жеміс- жейдекті ала аласыз ба? Әрине жоқ! Осынша жеміске қолыңыз жеткен күннің өзінде таза, табиғи, Қытай мен Өзбекстаннан әкелінбеген, қоспасыз жемісті базар тұрмақ, дүкен сөрелерінен де таппайтыныңыз ақиқат. Ал осы аталған жемістерде кездесетін цинк, Е,С,Д, В12, В1,В6 дәрумендері, протеин, бал, темір мен магнийдің барлығы және ақуыздың үш түрі осы Велнес өнімдерінде бар. Яғни сіз күнделікті 500 тг- ге осы дәруменнің барлығын таңғы асқа қабылдай аласыз. Егер клеткаңыз аш болмаса, сізде де күні бойы тоқтық орын алады.

Бұл коктейлдер мен витаминдердер құрамындағы Омега-3 арқылы біз қоғамдағы мына мәселелерді шеше аламыз. «Алыстан көзің көрмесе, еліңді қалай қорғайсың?» деп шырыл қағатын әскери дәрігерлер жанайқайы мен мектеп оқитын бүлдіршіндерін көз емдеу орталығына апарып, ем іздеп сабылып жүрген ата-аналардың қарасын азайта аламыз. Австралиядғы Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті профессорлары мен Сингапурдағы Көру қабілетін зерттеу институтының мамандары жүргізген зерттеуге сүйенсек, енді 30 жылдан кейін жер жүзінің 5 миллиардқа жуық тұрғыны көзілдірікке тәуелді болады. Қазір әлемде шамамен 285 миллион адам көру қабілетінің шарлауынан зардап шегіп жатыр екен. Соның ішінде 19 миллионнан астамы – балалар, ал 39 миллион адам тіптен көру қабілетінен айырылған жандар. Бұл статистика қайдан шығып жатыр? Себебі, балықта болатын Омега-3-ке көп жұрттың қолы жетпейді. Қазақстанның өзі теңіз бен мұхиттан алыс орналасқан. Ал сауда дүкендеріндегі балық өнімдерінің сапасы мен санитарлық жағдайдың нашар екенін барлық телеарна жарыса айтты емес пе бір кездері? «Үш тұғырлы тіл» деп бала миына ауыртпалық салып жатқанда, олардың миын тамақтандыруды ата- аналар қаншалықты ойлауда? Омега-3 есте сақтауды жақсартып, мида 1 күнде пайда болатын миллиондаған нейронның өліп қалмай, өмір сүруіне жағдай жасайды.

Велнес өнімдері дүкен сөрелерінде сатылмайды. Сол себепті де сіз бұл коктейлдер, витаминдер және сорпа туралы ешқандай ақпарат білмейсіз. Стиг Стен бұл өнімді сату мақсатында емес, өз науқастарын аяққа тұрғызу мақсатында шығарған. Алайда 65 мемлекетте халыққа жұмыс ұсынып отырған ORIFLAME компаниясы Стиг Стенмен келісімге келіп, бүкіл елге тек осы компания арқылы ғана таратып отыр. Екінші ойлағандары халыққа денсаулығын жақсарту арқылы жұмыс ұсынып, өз жағдайларын түзеп алуға мүмкіндік беру. Екі компания идеясы осы тұста тоғысқан. Астана қаласының тұрғыны Нұржан Құлсеріков өзінің денсаулығы жайлы былай дейді: «2002 жылдары «жүректе ақауы бар» деп, кардиологтың есебіне алынғанмын. Ол кезде қан қысымым 140 та 90 болған. 450 мл қанды 30 минутта әзер тапсыратынмын. Осы өнімді уақытылы пайдаланғанның арқасында қазір қан қысымым 120 да 80 ді құрайды. Жасым 52 де болса да аяқ қақсауы деген жоқ. Шаш ағарудың орныны қайта қарайып шықты. Бұрын аяғымның сіңірі тартылып қалатын болса, қазір ол атымен жоғалып кетті. Тіпті осы өнім арқасында бизнес құрып, жақындарымның денсаулығын ғана емес, жағдайын да жақсартуға көмектесіп жүрмін. Велнесс өнімдері тек витамин емес – бұл күнделікті тамақ, энергиямның көзі».

Бүгінде Швеция, Ресей, Польша, Индия, Қытай, Ирландия, мемлекеттерінде заводтары ашылып, көп мөлшерде өндірілуде. Өнім қауіпсіздігі жөнінен HACCP, сапасы жөнінен GMP, балық майының сапалылығынан FOS, диетологтар мен нутрицилогтардың ұсынуымен Ресейдің НАДН, құрамында ГМО- ның кездеспеуінен NON GMO PRODUCT белгісін, жануарлардың ағзасынан ештеңе жоқтығын растайтын Vegan белгілерін алған. Тіпті Қазақ тағамтану академиясы мақұлдаған. Бұл өнімдерді пайдаланған бірінші күннен-ақ миыңыз, 5 күн ішінде асқазаныңыз қалыпқа келеді, 2 аптаның ішінде теріңіз, 150 күнде қан айналымыңыз, 1 жылда бүйрегіңіз, 10 жылда сүйегіңіз, 15 жылда бұлшық етіңіз, 16 жылда ішектеріңіз ретке келеді. Ұйқыңыз дұрысталып, шаршағаныңыз, стресс деген дүниелерді ұмытатыныңызды Стиг Стен растайды. Ал сіз осы ақпаратты білгеннен кейін дәріханадағы удай қымбат дәрілерге тәуелді болып жүресіз бе?

Статистикаға сүйенсек Велнесс өнімдерін пайдалануда үздік 10 дықта 2-ші орында тұр екенбіз. Ал бірінші орында алпауыт Қытай мемлекеті тұр. Яғни Қытайлықтар өз денсаулығына қарап, ұзақ өмір сүрудің құпиясын бізден бұрын біліп алған көрінеді. 

Дана халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме?! Ендеше өлуге таяған тұсында дәрігерге барып қаралатын қазақ ауырмаудың алдын қашаналады? Емші-балгерді жағаламай жәй ғана өз жасушасын тамақтандыруды қашан үйренеді? Астананың 25% халқы, Оңтүстік Қазақстанның 20%, Алматының 10% Қостанайдың 7%, Ақтөбенің 6% халқы ғана пайдаланатындай, Жезқазаған, Қызылорда, Талдықорған облыстары мүлде тұтынбайтындай біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Өз өміріміз – өз қолымызда! Бірінші байлығыңызды күтіңіз, алақаныңызда аялаңыз. Себебі ол барлық бақыттың бастауы. Сіздің ұлыңызға, қызыңызға дені сау ата-ана керек екенін ұмытпаңыз.