Bugin

Бір апта бұрын жоғалып кеткен атыраулық жігітке қатысты жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда жоғалып кеткен 33 жасар жігіт аман-есен табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол Қызылқоға ауданы Темірбай учаскесіндегі шаруа қожалығынан табылды.

"Із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігітті іздестіру шарасы Атырауда да, Қызылқоға ауданында да үздіксіз жүргізілді. Оған қалалық полиция басқармасы мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылды. Нәтижесінде қызылқоғалық полицейлер жоғалған азаматты тапты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ол шаруа қожалығына өз еркімен барғанын айтқан. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері де жоқ. Оның айтуынша, телефонында ақау болып байланыса алмапты.