Bugin

"Мектеп директоры өз күйеуін өлтірген": полиция тергеу қорытындысын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген мектеп директорына қатысты тергеу немен аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Редакцияның ресми сауалына Астана полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық процессуалдық кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы "Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы" бойынша тоқтатылғанын хабарлады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Еске сала кетейік, 26 ақпанда Астанада полицияға пәтерден ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға түскені турала хабарлама түскен. Әйел елордадағы мектеп директоры, қайтыс болған ер адам оның күйеуі екені анықталды.