Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКөкшетауда жолға жүгіріп шыққан жасөспірімді көлік қағып кетті.
"Биылғы тамыздың 16-да сағат 11:04-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Пушкин көшесіндегі №6 үйге қарама-қарсы, "Бамбино" дүкенінің жанында жасөспірімді автокөлік соққанын байқады. Дереу сол маңды патрульдеп жүрген экипажаға хабарланды", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Солтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser көлігі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан жүгіріп өтпек болған жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен жасөспірім «иықтың жабық сынығы, оң аяғы тізесінің сынуы және шығуы» диганозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
"Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 2 бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп толықтырды ведомстводан.
Еске салайық, бүгін Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61