Bugin

"2 млн теңге": Тараздық судья күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге көлемінде пара алғанын анықтады. 

Судья сотталушыдан іс жүргізу барысында қылмыстық істі бас бостандығынан айыруға емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінді. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Бас прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.