Bugin

""Әкеңе сәлем айт": Тоқаевпен кездесуге кешігіп қалған бала Президентке сыйлық жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Президентпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйлады.

 

Мен кездесуге үлгермей қалдым. Ол кезде дәретханаға кеткен едім”, - деді жеткіншек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Prometheus school мектебіне барған болатын.Президентпен кездесуге кешігіп қалған 3-сынып оқушысы Сәлім Көпеев өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйға тартты. Ол органайзерді әкесімен бірге жасағанын айтты.

"Әдетте партаның үстінде оқушыға арналған заттар шашылып жатады. Сондықтан да әкем екеуміз осындай органайзерді құрастырдық", - деді Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев.

Мемлекет басшысы оқушыға сыйлығы үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

"Жарайсың, сәттілік. Әкеңе сәлем айт", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін Президент Алматыдағы Prometheus school мектебіне барған болатын. Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.