Weekend

Түркістандағы Бекзат Саттарханов даңғылында қандай өзгеріс болады?

Ұзындығы 5 шақырым даңғыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістанның кірес беріс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырым Бекзат Саттарханов даңғылын 6 жолақты етіп кеңейту жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

"2019 жылы наурыздың соңғы күндері басталған жолды кеңейту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде 3 шақырым жол кеңейтіліп, шілде айының соңында пайдалануға беріледі, ал екінші кезеңде қалған 2 шақырымы кеңейтілетін болады. Бұл жұмыстардың барысында жолдың ені 18 метрге кеңейтіледі", - делінген хабарламада. 

Жол құрылыс жұмыстарын "ДорСтрой" фирмасы мен қосалқы мердігер "Ақжол" ЖШС жүргізеді. Жалпы Б.Саттарханов даңғылын кеңейту жұмыстарын биыл қазан айында аяқтап, ел иігілігіне беру жоспарланған. Сонымен қатар Түркістанның Бас жоспары мен жол кеңейту жұмыстарына сәйкес Б.Саттарханов даңғылының бойындағы, бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын болады.