Саясат
Заңсыз азаматтардың көп шоғыры аттанатын ел
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгінгі қазақ азаматтарының ең көп баратын елдерінің бірі – Оңтүстік Корея екендігі белгілі. Осы орайда заңсыз түрде барып, көп ақша тапқысы келетіндердің қарасы азаяр емес. Алайда ешқандай келісімшартсыз ауыр жұмысқа жүгілген жерлестеріміздің денсаулығына орасан зиян келтіруде.
Бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда 7 азаматымыздың қаза тапқанын мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, 12-14 сағат қара жұмыспен айналысатын 30-40 жастағы азаматтарымыздың организмі әлсіреп, түнгі ұйқыдан оянбайды.
Дәл қазіргі сәтте қос елдің арасында "жасыл дәліз" қағидасы жүзеге асып, өз еркімен шыққандарға ешқандай айыппұл төленбейтіндігі жайында келісімшарт бар. Дегенмен депортты түрде елімізге қайтып жатқан азаматтардың да қарасы қалың екенін сөз арасында айта кетті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61