Саясат

Президент instagram әлеуметтік желісінде ресми парақша ашты

Президент әлеуметтік желіде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм желісінен ресми парақша ашты. Бұл туралы фейсбукте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы инстаграмдағы ресми парақшасында алғашқы жазбасын жариялап та үлгерген.

"Жақында өңір әкімдерін жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни, халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", - деп жазды Тоқаев Instagram-да.

sputniknews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61