Bugin

Желіде қарияны қорғаған арудың әрекеті жұртты тәнті етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қария кептеліс кезінде байқаусызда көліктің ішіне тосабын төгіп алған.

Бұған ренжіген әйелдер оған қарсы түрлі сөздер айта бастайды. Алайда кадрларда автобус ішіндегі бойжеткеннің қарияны қорғағаны түсіп қалған. 

Ару өзіне ұрысып, “мұны енді кім жинап, сүртеді, неге бала-шағасы қарамаған”, деген әйелдердің сөзіне намыстанып, еденді өзінің жейдесімен сүртіп алады. 

“Мен сүртемін. Бұлай деуге қалайша дәттеріңіз барады. Сіз де жасыңыз келген адамсыз ғой. Қария байқамай қалды, үлкен кісі емес пе?”,- деп ашуланады ару. 

Желі қолданушылары арудың әрекетіне қайран қалып түрлі пікір жазды. 

"Қандай ақылды қыз, бәріне қарсы шықты!”, “Өмір жолында жақсы адамдар көп болсын!", “Бәріміз бір күні қартаямыз, ата жамандық жасамады”, “Жай ғана тосап төккен”, "Осындай сұлу қыз үшін қыздың ата-анасына бас исек болады”, “Қазір барлық жерде адамдар арасында жеккөрушілік”, – деп жазды желі қолданушылары.