Travel

Туризм туралы не білеміз?

Турист пен саяхатшының айырмашылығы неде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біздің әрқайсысымыз демалыс туралы өз түсінігіміз бар, алайда бәрімізде жаңадан қызықты әсер алу үшін таңдау әрқашан саяхатқа түседі. Әрине, саяхат дұрыс, бірақ оны да ақылмен істеген дұрыс. Сол үшін алдымен саяхатшы мен туристтің айырмашылығын ажыратып алайық.

Турист – өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, қысқаша айтқанда қызық көріп, тәуекел жасау үшін басқа бір жерге аттанған адам. Ал саяхатшы – жекешеленген адамдар, бір мақсатты қуалайтын адамдар тобы ( мысалы: экспедициялар).

Статистика мақсатында саяхаттаушы адамды «келуші», ал туристі «демалушы» деп бөледі. Туризмнің саяхаттан негізгі ерекшелігі :  Саяхатқа қарағанда, туризм – бұл адамдардың барынша қысқа уақыт аралығындағы орын ауыстыруы.

Және тағы бір есте сақтайтын жайт. Баруды жоспарлаған елге бармастан бұрын, сол ел туралы біраз мәліметтер біліп алғаныңыз дұрыс. Бірақ шынымен қайда баратыныңызды білу әрдайым жақсы емес пе? Бұл елде қандай мәдениет бар, жергілікті тұрғындар бос уақытын қай жерде өткізгенді ұнатады немесе сіз кейбір әрекеттеріңізбен жергілікті тұрғындарды ренжітіп алып ыңғайсыз жағдайға тап келуіңіз мүмкін. Әрине, барлығына толық дайын болу мүмкін емес. Бірақ сіз осындай жағдайларды минимумға дейін түсіре аласыз. Бұндай мәселелерге басқа тақырып арнау керек.

Өз демалысыңызды пайдалы өткізіңіз мұражайларға, көрмелерге барыңыз, театрға барыңыз. Балық аулау, аң аулау, атқа мініп серуендеу, табиғатта достармен демалуды ұйымдастырыңыз. Біраз жер айналып өткен соң , оларға не көріп-білгеніңізді айтып беріңіз. Ең бастысы – бір орында  отырмаңыз, көп әсер қалдырсаңыз, өмір қызықты болады.

Фотоаппарат сатып алыңыз. Ең қарапайымы да жарайды сосын  сіз әлемнің адемілігін  аулауға тырысыңыз. Сөйтіп сіздің саяхатыңыз тек қана ойша есіңізде ғана емес өзіңіз әкелген әдемі суреттермен де естелік болып қалады.

Сіз қайда демалғыңыз келеді?