Bugin
Алматы облысы Шарын шатқалында жартастан құлаған ресейлік әйел құтқарылды.
"2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған", - деді Төтенше жағлайлар министрлігі баспасөз қызметінен.
Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды.
Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 20.08-де әйел адам құтқарылды.
ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Еске салайық, Шымкенттен Алматыға келген ер адам жоғалып кеткені туралы хабар берген едік.