Bugin

Белгілі журналист "Арселор Миталл" басшысына талап қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал тележурналист Ерқанат Көпжасар Қарағандыдағы "Арселор Миталл Теміртау" АҚ басшысы Лакшми Митталдың қызметтен кетуін талап етіп, facebook парақшасында жазба жариялады.

"Қазақстандықтар қырылып жатса да бұл үшін өлгеннің өтеуі жоқ. Украина шахталарындағы шығын бізден үш есе көп болса да қазақтың қадірі бұл сұмырай үшін нольмен тең. Қанша адам қаза болды?! Бүгін тағы да үшеуі…Обалы кімге сонда? Митталда ми көп. Бірақ қазаққа сый жоқ. Мұндай тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз? Лакшмиды билік лақша шырылдатпаса халық өзі қолға алады", - деп жазды журналист. 

Еске салайық, Теміртаудағы "Қазақстан" шахтасында өрт болып, кенші қаза тапқаны жайында хабарлаған едік.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61