Bugin

Түркияда тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында 10:05-те 4,2 балдық жер сілкінісі болды.

Табиғат апаттары және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) дерегінше, ошағы Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында орналасқан күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала 22,17 шақырым тереңде болған.

Биыл 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала (жепгілікті уақытпен 04:17-де 7,7 балл және 13:24-те 7,6 балл) болғанын еске сала кетейік.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты. Зізала көршілес елдер – Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, грекиялық Кипр мен Иранда сезілді.