Bugin

2024 жылы орташа айлық пен зейнетақы мөлшері қанша болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаржы министрлігі "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Жобаға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 

ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болмақ.
Заң жобасына сәйкес "жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9,0 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін" деп қабылданды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы.

Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.