Bugin
2023 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына шамамен 19 жастағы жігіттің Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен секірмек болғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел түрде Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілді.
Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің райынан қайтармақшы болып тұрған кезде кенеттен суға секіріп кеткенін көрді.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері оған құтқару шеңберін лақтырды. Алайда жігіт оған қарамаған. Сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты. Жағалауға жеткізген соң, жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен.