Bugin
Полиция "Қазақстан" шахтасындағы өрт әдейі жасалған деген ақпаратқа жауап берді.
Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, кейбір ақпарат агенттіктері "Қазақстан" шахтасындағы өрт әдейі жасалған деген ақпарат таратқан.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды. Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесеттер мен арандатуларға берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - дейді ПД өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртенгені хабарланған еді.