Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com5 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 41 жастағы ер адам қаза тапты.
Құтқарушылар оның денесін екі бөлмелі пәтердегі өртті сөндіру кезінде тапты. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бесінші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама 21 тамызда түскен.
"Залдағы жиһаздар, тұрмыстық заттар мен балкон жанып кеткен. Өртті сөндіру кезінде 1972 жылы туған ер адамның күйік шалған денесі табылды. Өрт сөндірушілер көрші пәтерден құтқару құрылғысының көмегімен екі адамды алып шықты және үйдің тағы екі тұрғыны эвакуацияланды" делінген ведомство хабарламасында.
Өртті куәгерлер түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде фотолар мен видеолар тарап кеткен.
Өрт шыққан соң, жарты сағаттан кейін сөндірілді. Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, пәтер толығымен жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрт төсекте темекі шегуден тұтануы мүмкін. Нақты себептері мен залалы анықталуда.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның екінші топтағы мүгедектігі бар және таяқ немесе арбаның көмегімен қозғалып жүрген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61