Bugin

Алматыда ірі жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында ірі жол апаты болды.

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жүк көлігі қатты жылдамдықпен бірнеше көлікті соқты. Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге шықты.

"Әл-Фарабидің бойында болған ірі жол апаты көлік қозғалысын баяулатты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" делінген видеодағы жазбада.

Куәгерлердің айтуынша, жиектастарды тиеген жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

Алматы полициясы аталған жол апатына қатысты түсінік берді.

"Сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылған. Содан тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Әрі қарай жүк көлігі жолдың жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті" делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда Түркістан азаматының жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61