Bugin
Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнында өрт шықты. Салдарынан 1 адам қайтыс болған.
Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, өрт болды.
Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болды. 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлар анықталып жатыр.
Еске салайық, бүгін әмеңгерлікпен тұрмысқа шыққан қызылордалық ананың оқиғасын жазған едік.