Bugin
Пәкістанда 110 жастағы қария 55 жастағы әйелге үйленді.
Жергілікті тұрғындар арасында шу шығарған той Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мансехра ауданында өтті. 12 баланың әкесі Абдул Ханан Свати осымен төртінші рет үйленіп жатыр. Немерелері мен шөберелерін қосқанда, отбасында 84 адам бар.
Жергілікті мешітте өткен салтанатты шараға қарияның алты ұлы мен алты қызы қатысты. Оның үйленген жары Баттаграм округінен келген әйел болды. Қария қалыңдығына қалыңмал ретінде бес мың рупий берді.