Bugin

ШҚО-да ер адам көршісіне оқ атқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысында көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта бейтаныс біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атып, 50 мың теңге көлемінде шығын келтіргені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Күдікті көрші подъезде тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

Полицейлер ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізіп, 12 калибрлі екі патронды, ИЖ-18 ЕМ-М бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан.