Bugin

Түркістанда бір әулеттің 11 мүшесі суға батып қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Суық хабарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жеткізді. 

Оның айтуынша, тұрғындардан адамдардың суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шомылуға келген 21 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ы ересектер. 

"Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы және еріктілер  жолданды. Бірден іздестіру шараларына кіріскенмен, жайсыз хабарды естідік. Өкінішке қарай 8 адам табылып, судан қайтыс болған күйінде шығарылды. Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды" - , дейді әкім орынбасары. 

Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында.