Bugin

Жаңаөзендегі жүкті әйел өлімі: Дәрігерлер жазаланды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзенде жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу жалғасуда. Жаңаөзен қалалық ауруханасының директоры Серік Асқаровтың айтуынша, 32 жастағы әйелдің босану кезінде қайтыс болуына байланысты екі дәрігер сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Директордың айтуынша, екі жұмыскер де қазір жұмысын жалғастыруда.

"Әзірге олар өз орындарында қалды. Өйткені тергеу әлі аяқталмаған. Соңғы шешімді науқас өлімінің мән-жайын анықтаумен айналысатын комиссия қабылдайды. Тексерудің қосымша нәтижелері кейінірек белгілі болады", - деп бөлісті Серік Асқаров.

Аурухана директоры әйел ауруханаға түскен күні түсірілген видеоға қатысты да пікір білдірді. Кадрлардан ауруханадағы лифт жұмыс істемей тұрғандықтан тәртіп сақшыларынан бөлек әйелді туыстары зембілмен көтеріп жатқанын көруге болады.

"Сол күні электр қуаты үзіліп, лифт шамамен 5-10 минутқа жұмысын тоқтатты. Осы аралықтан кейін лифт қайта жұмыс істей бастады", - деп қосты Серік Асқаров.