Bugin

Зеленский Ресей "көршілеріне" қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Дания парламентінде сөз сөйледі.

Дания парламентшілері Владимир Зеленскийді қошеметпен қарсы алды. Өз үндеуінде ол Украина Ресейдің шабуылына қарсы тұра алмаса, онда Ресей Федерациясының барлық көршілері мен "бейбітшілік демократиясына" қауіп төнетінін айтты.

"Қазір ресейлік зұлымдық Украинаның қалалары мен  ауылдарына қайғы жұтқызуда, бірақ Украинамен шектелмейтінін ашық айтып отыр. Біздің елден кейін олар бұл азапты Еуропаға және одан әрі әлемге жеткізгісі келеді. Сіздер мұны Мәскеуден еститініңізге сенімдімін. Егер Украина қарсы тұра алмаса, Ресейдің барлық көршілеріне қауіп төнеді", - деді Зеленский.

Украина президенті өз елі Ресей зұлымдығына шыдас бере алатынына және серіктестері оны "естіп, көріп, сезінетініне" сенім білдірді. 

Еске салайық, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украинада Владимир Путиннің жарлығымен Ресей бастаған толыққанды соғыс жүріп жатыр.