Bugin
Атырауда 13 жасар жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жеткізілді.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 21 тамызда жергілікті уақытпен сағат 22:40 шамасында болған.
"Жол-көлік оқиғасы Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы мен Тоқатов көшесінің қиылысында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында болды. Арнайы жолақпен өтіп бара жатқан 2010 жылы туған жасөспірімді Chevrolet Nexia автокөлігі қағып кетті", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына кінәлі 19 жастағы жүргізушіге қатысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. Ал зардап шеккен жасөспірім жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.