Спорт
Бұл кездесу Нью-Йорк, Лас-Вегас, Сан-Антонио және Лос-Анджелес қалаларының бірінде өтуі мүмкін
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Брэндон Адамс арасындағы жекпе-жек ресми түрде осы аптада жарияланады, – деп хабарлайдыBugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Boxing Kingdom–ға сілтеме жасап.
Алдында айтылғандай жекпе-жек 8 маусымда өтеді. Бұл кездесу Нью-Йорк, Лас-Вегас, Сан-Антонио және Лос-Анджелес қалаларының бірінде өтуі мүмкін.
Головкин үшін бұл кездесу DAZN стримингтік сервисімен үш жылдық келісімшарт негізіндегі алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.