Bugin

"Кез келген сәтте өлтіруі мүмкін": Қуат Хамитов "Қаңтар оқиғасында" бастан өткергенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал спортшы Қуат Хамитов бір кездері елден кетуге ұсыныс жасалғанын айтты. Ол бұл туралы "Берен" подкастында әңгімеледі,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы massаget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жанашыр адамдар оның амандығына алаңдап, шетелге шақырған.

"Қанат Исламов, белгілі спортшы, ол да маған Америкадан хабарласты. "Бауырым, сен қазір елді білесің ғой, өте қиын. Кез келген сәтті өлтіріп кетуі мүмкін, жала жабуы мүмкін, дәрі беріп жіберуі мүмкін. Жарты жыл болса да шетелге кетіп қал. Маған Америкаға кел. Визаңа да көмектесейін, осында жүрші, сен үшін уайымдаймын" деді. Қаңтар оқиғасының алдында да, кейін де. "Елден қашуға дайын емеспін. Елден ешқайда қашпаймын" дедім", - деп еске алды ол.