МӘДЕНИЕТ

“Құпия ұйым” - масондар туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам дамыған сайын адам естімеген жұмбақ ұйымдар, түрлі ағымдар көбейіп жатыр. Соның бірі – масон ұйымы. Bugin.kz журналисі осы тақырып аясында дерек ұсынады.

Масон ұйымы - ХVII ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан ең танымал әрі ірі құпия қоғам. Олар идеология, иерархия, культтік ғұрыптар мен рәсімдерге, символдар мен “өзіндік” тану тәсілдеріне аса мән берген. Дүние жүзінде масондық қозғалысты ұстанатын 6 миллионға жуық адам бар.

фото: ғаламтордан

фото: ғаламтордан

Масондар өздерінің қауымдастығын бауырластық, философиялық және филантроптық прогрессивті институт ретінде сипаттайды.

Негізгі мақсат – “адамгершілік өзін-өзі жетілдіру”, дүниені тану және оны жақсартуға ұмтылу. Бірақ бұған сену қиын. Күмәнді.

фото: news.obozrevatel.com

фото: news.obozrevatel.com

Масондардың сенімі деизм іліміне негізделген: жоғары принципке (әлемнің ұлы сәулетшісі) және жанның өлмейтініне сенеді.

Бауырластықтың әрбір мүшесі масондық құпияны сақтауы және ложалардағы ішкі иерархияны тануы керек. Сыртта сенің қандай шенді адам екенің “құпия қоғамға” кіргенде қызық емес, рөл ойнамайды.

Масондық символдарға: алты бұрышты немесе бес бұрышты белгілер, жалғыз көз секілді бейнелер кіреді. Бір қарағанда, байқалмауы мүмкін, алайда америкалық 1 доллар купюросында да осы “жалғыз көз” бейнеленген.

фото: lupusleo.livejournal.com

фото: lupusleo.livejournal.com

Шоу-бизнес пен киноиндустрияда құпия қоғамның “белді” мүшелері жетерлік. Үлкен концерттерде қолын көкке көтеріп, үш бұрыш белгісін көрсететін әншілердің әрекеті әркімді ойландырары анық. Мәселен, танымал, дарынды өнер иесі Рианнаның сахнадағы “масондық” қимылы жиі талқыға түседі. Ал фильмдерге келсек, аталмыш ұйымды дәріптеу қарқынды жүріп жатыр. Көгілдір экран арқылы бала санасын улау оп-оңай.

фото: harpersbazaar.kz

фото: harpersbazaar.kz

Масондық қозғалыс кейбір дін өкілдеріне ұнай қоймасы анық. Соның ішінде Ислам діні де бар. Ондағы сенім бойынша: ақырзаман жақындағанда “жалғыз көзді” Дәджал жер бетіне түседі. Ал масондар дәріптейтін, долларда суреті бар “жалғыз көз” соның белгісі деп қарастырылады.

фото: dunya2018.blogspot.com

фото: dunya2018.blogspot.com

Қазіргі таңда масондық секілді құпия немесе құпия емес діни ұйымдар көбейген. Алайда “біреудің қаңсығы - біреуге таңсық” деген секілді, бірден шешім қабылдап, болашағы бұлыңғыр қоғамның мүшесіне айналуға асықпаған жөн.

фото: mel.fm

фото: mel.fm