Bugin

Жамбыл облысының аудандарына төтенше жағдай режимі енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысының алты ауданында су тапшылығына байланысты премьер-министрдің қаулысымен өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.

22 тамызда өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабы негізінде ТЖ режимі Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас және Т. Рысқұлов аудандарында жарияланды.

Қазір Үкімет жергілікті фермерлерге су тапшылығы мен аптап ыстыққа байланысты шығындарды өтеу үшін төтенше жағдай резервінен қаражат бөлу мәселесін шешуде.

Биыл су тапшылығы мен әдеттен тыс ыстық ауа райының салдарынан егін өткен жылға қарағанда шамамен 25-30%-ға көбірек зардап шегуі мүмкін", – деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар министрліктері, су ресурстары комитеті, "Қазсушар" Жамбыл облыстық филиалы және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапары барысында фермерлермен жеке кездесу өткізді.

"Жүргізілген кешенді жұмыстың қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарына өтемақы төлеу туралы ұсыныс айтылды. Бүгінгі таңда өңірдің алты ауданында жұмыс топтары мен ғылыми-зерттеу институттарының залалды есептеу бойынша бірлескен жұмысы жалғасуда", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фермерлерге келтірілген залал көлемі вегетациялық кезең аяқталғанға дейін анықталады.