Weekend
Даму жолында алға ұмтылған жас Қазақстан
Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр далада қазақ атты бір ел бар. Адалдық пен ар намысты ту еткен, тарих беттерінде өшпес рухты, аласармас айбынды халық ретінде із қалдырған бұл ел – менің Отаным және барша қазақ ұрпағының мақтанышы.
Тағдырлар тоғысында Керей мен Жәнібек құрған іргелі Қазақ ұлысы бүгінде жаңа заманға сай қарқынды даму үстінде. Қазақ хандығынан бастау алатын Тәуке ханның жеті жарғысы, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы тәуелсіз елдің нұрлы жолына жалғасты. Елдің ел екендігін танытатын, талай әлемдік жарыстарда жеңіс тұғырында желбіреген Туымыз, Елтаңбамыз, жүректен жүрекке жалғар Әнұранымыз бар. Мемлекеттік мәртебеде дауды да шешер, жауды да қайтарар ана тіліміз бар. Тамырын тереңге жайған салт дәстүріміз қайта жанданды. ТМД, БҰҰ мүше болып, мәңгілік кемесінде даму кемесімен еш кедергісіз жүзіп келе жатқан Қазақстан білім саласындв да талайдан оздық. Үздік университеттердің қатары көбейіп, жастар "Болашақ " бағдарламасымен шетелдерде білімін шыңдауда. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша білікті жас мамандар мемлекеттің дамуына үлестерін қосуда. Ғарышқа ұшу - қазақтың кешегі арманы еді, ал, бүгінгі қазақ- үарышты бағындырған алдыңғы қатарлы халық.
Елбасы тәуекелге бел буып деткен зор жетістігінің бірі – жаңа Астана. Сарыарқаның күн күйдірген күрең белінде әлемді аузына қаратқан алып қала орнайды деп кім ойлаған?! Еліміздегі бейбітшіліктің символы ретінде "Бәйтерек" монументі бой түзеді. Төбесі көк тіреген ақ шағаладай әсем шаһарегеменді еліміздің Астанасы атанып, халықтың ұлы мақтанышына, Еуразияның кіндігіне айналды.
"Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.", -деп "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" атты мақалысында таңбалағандай, Елбасымыз Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңаша жаңғыруы басталғанын жариялады. Әрбір қазақтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын саралап айтып өтті. "Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді", – деп бізге, жастарға және ұстаздар қауымына үміт артты. Біздің ендігі мақсатымыз – ұлы істерге алып баратын Қазақстанның жаңа жолын ұстау. Елдің тағдыр жастардың қолында, ал жастардың тағдыры ұстаздардың қолында емес пе?!
"Кеңістік – барлық нəрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.", – деп ұлылықты дәріптеген ұлтқа тән «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақала тәуелсіз еліміздің 7 қазынасымен пара пар.
"Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!". Биыл Мағжандар артқан сенімді сеніммен ақтайтын жыл.Себебі, ұлт дарабозы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Қазақстанның кемел болашағы үшін жастарды әр салада қолдау керек деп дем берді.
"Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді". Демек, салтанаты дарасқан қаласы бар, байтағы ұшан теңіз даласы бар, әруақты бабасы бар қазақ атты елдің перзенті екенін жас ұрпақ мақтан етуі тиіс. Менің Қазақстаным – бейбітшілігімнің ұясы!