Bugin

"11 жыл қатерлі ісікпен күресті": Танымал әнші қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйгілі әншікомпозитор Тото Кутуньо 80 жасында қайтыс болды.

Италияның ANSA агенттігінің мәліметі бойынша, әнші Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында көз жұмған. Менеджері Данило Манкузо агенттікке әншінің көптен бері сырқаттанып жүргенін, кейінгі кезде ұзаққа созылған ауруынан жағдайы күрт нашарлағанын айтты.

Әншінің L’italiano, Buonanotte әндері Италия ғана емес, сондай-ақ, шет мемлекеттерде де кеңінен танымал.

11 жыл бұрын Тото Кутуньоға қатерлі ісік диагнозы қойылды. Әртіс күрделі ота мен ұзақ химиотерапия курсынан өтті.

"Ұзақ уақытқа созылған сырқаттан кейін соңғы айларда әншінің халі асқыны кетті", - дейді әншінің менеджері Данило Манкузо.

Италиялық әнші L'italiano, Serenata, Donna Donna Mia, Innamorati әндерімен көпшіліктің есте қалды.