Bugin

"Екі өзбекстандықты 200 долларға сатып алған": Қылмыс әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің 71 жастағы тұрғыны 2 өзбекстандықты саяжайда жұмыс істеу үшін 200 долларға сатып алған.

Ресейде заңсыз өмір сүрген 31 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел құлдыққа түскен. Олар полиция келгенше, алты айға жуық, бақшада жұмыс істеген.

Зейнеткер ұсталып, "Адамды ұрлауға қатысы жоқ заңсыз бас бостандығынан айыру" және "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Өзбекстандықтарды сатқандар іздестіріліп жатыр.