Bugin

Қамауда отырған Қайрат Құдайбергенге қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартты.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасында Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты істің мән-жайы жарияланған болатын. Белгілі болғандай, қаңтар оқиғасы кезінде Қайрат Құдайберген Алматыда 24 адамды ұрлап кеткені үшін (кейін олардың бірі қайтыс болды) айыпталған. Арман Жұмагелдиевтің жанында жүрген. Қазір үстінен іс қозғалған «Дикий Арман» қамауда жатыр. 

Ал Қайрат Құдайбергеннің өзі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен өткен жылдың 22 сәуірінде уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. 20 шілдеде Қ. Құдайберген Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырылып, «AMANAT» партиясынан шығарылды.